Ағымдағы жылдың 7 ақпанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Жалпы білім беру пәндер кафедрасы Педагогикалық шеберлік мектебі аясында ” Тәжірибелік сабақтарды өткізу әдістемесін жетілдіру” атты мастер класс өткізді. Оған жас оқытушылар және еңбек өтілі бар оқытушылар қатысты. Мақсаты-педагогикалық өтілі бар оқытушыларды біріктіру, үнемі өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіруге көмек көрсету, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және педагогикалық шеберліктің жеке стилін қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
-оқытушы-профессорлар құрамын және оқытушылық қызметпен айналысатын өзге де қызметкерлерді педагогикалық даярлау және біліктілігін арттыру;
– профессорлық-оқытушылар құрамының ақпараттық және әдістемелік мәдениетін дамыту;
– ҚР ІІМ және ҚР БҒМ жоғары кәсіби білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялар, инновациялар туралы ұжымға кеңес беру болып табылады.
Жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп және инновациялық әдістеме бойынша презентацияларын ұсынды: «Миға шабуылдау» әдісі, «Кластер» әдісі, «Алты қалпақ» әдісі, тренинг, шығармашылық тапсырмалар, дискуссия, дебаттар, кіші топпен жұмыс, Синквейн әдісі, іскерлік және рөлдік ойындар және т.б белгіленген.
Мастер-класс барысында келесі сұрақтар талқыланды: оқытушының курсантпен өзара байланысы немесе білім деңгейі төмен курсантың қызығушылығын қалай арттыру керек. Жоғарыда көрсетілген әдістемелердің әрқайсысы жеке талқыланып, талданды. Жалпы білім беру пәндері кафедрасының доценті, полиция полковнигі Ж. М. Есмамбетова карточкалардың көмегімен курсанттың өзін-өзі бағалау әдісімен бөлісті. Курсантармен және Біліктілікті арттыру курсының курсанттарымен жұмыс тәжірибесі бойынша мысалдар келтірілді.
Кафедраның оқытушылары өздерінің жоғарғы кәсіби деңгейін көрсетті. Талқыланған тақырыптар өзекті және қызықты болды. Қорытынды бөлімде әрбір оқытушы өз ой-пікірімен бөлісті. Ұйымдастырушыларға алғысын білдіре отырып, жас оқытушылар ұсынылған шеберлік сыныбы оларға өте пайдалы және маңызды болғанын атап өтті.
ОӘО оқытушы-әдіскері
полиция майоры
Д.С. Муканова