Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ПОГОН ТАҚҚАН – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ӘСКЕРІМІЗ

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен, қалалық «Геолог» мәдениет Үйі МКҚК және «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-мен бірлесіп, Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 2017 жылы 30 қарашасында Ақтөбе қаласының әскери және ішкі істер органдарының ер азаматтары арасында «Погон таққан – Тәуелсіз елдің әскеріміз» атты қалалық байқау өткізілді.

            Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, ішкі істер органдары мен әскери қызметтердің әскери-патриоттық, тарихи, мәдени-адамгершілік құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру, қызметкерлердің эстетикалық көзқарасын, талғамы мен шеберлігін анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау және қалың бұқараны көпшілікті-мәдени шараға тарту.

            Байқау 5 кезеңнен тұрды. Атап айтсақ: салтанатты киім үлгісінде өзін таныстыру, «Қас қағым сәтте» Калашников автоматын шашып-жинау, «Тәуелсіз елдің азаматы» өнер сайысы, «Әскери жинақылық» тактикалық дайындықты, сап түзету, пәрмен беру, әскери қызметіне деген сүйіспеншілігін және әскери киім үлгісінде өздерінің саптық даярлық деңгейін көрсету, «Талғамды мырза» талғамы мен стиліне сай әскери немесе батырлардың киім үлгісін демонстрациялау.

            Байқауға әр мекемеден 7 қызметкер, атап айтсақ: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық Ұлан, 2 мәрте Кеңес одағының батыры Т.Бегельдинов атындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери институтынан, Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінен, Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасынан, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінен және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан қатысты.  

Байқауға қатысушы қызметкерлер сапқа тұрғызылып, әділ-қазылар алқасымен таныстырып, «Геолог» мәдениет Үйінің директоры А.С. Қалиев шақырылған қонақтарды, байқауға қатысушылар мен жанкүйерлерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентікүнімен құттықтап, байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, жоғары белестерді бағындыруға серпін беріп, байқауды салтанатты түрде ашты.

Байқауға әр мекемеден 7 қызметкер қатысты. Соның ішінде, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты атынан әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Асыланбек Асылбекұлы Мергалиев қатысып, жүлделі 1-ші орынға ие болды.

Байқау әуенмен жақсы көңіл-күйде өтіп, жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, салтанатты түрде аяқталды.

 

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А. Мухангалиева

 
DSC04547