2019 жылдың 5 ақпанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтының бастамасымен «Полиция және қоғам: өзара әрекеттесудің өзекті мәселелері мен болашағы» тақырыбында өткізілген халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференцияға қатысты
Конференцияға дайындық барысында арнайы бағдарлама дайындалып, Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтының бастығы полиция генерал-майоры А.П.Нахимовпен және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ғ.Ж. Сулеймановамен бекітілді.
Конференция онлайн-режимінде өткізіліп, Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтының профессорлық-оқытушылық құрамы, адъюнкттар, тыңдаушылар және курсанттары, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының, Беларусь Республикасы ІІМ академиясының, Беларусь Республикасы ІІМ Могилев институтының, Ресей Федерациясы ІІМ В.Я. Кикотя атындағы Мәскеу университетінің, Ресей Федерациясы ІІМ Санкт-Петербург университетінің, Ресей Федерациясы ІІМ басқару академиясының өкілдері қатысты.
Конференция алдындағы құттықтау сөздерін, Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының докторы, профессор, полиция полковнигі О.И. Бокова, Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институты бастығының халықаралық қатынастар жөніндегі көмекшісі, техника ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Е.А. Пастушкова, Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтының әкімшілік қызмет кафедрасы бастығының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі О.И.Копитина, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ғ.Ж. Сулейманова және ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.К. Каримбаевалар сөйледі.
Конференция барысында полиция мен қоғам арасындағы өзекті мәселелер бойынша 18 баяндама ұсынылды. Конференция бағдарламасына учаскелік полиция инспекторларының қызметіндегі өзекті мәселелерді, оның ішінде өз міндетінен тыс міндеттер жүктелетін, тынымсыз жұмыс күнін және тағы да басқа сұрақтарды қозғаған Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М.О. Избасовтың баяндамасы кірді.
Іс-шараның аяқталуында конференцияның барлық қатысушылары бір-біріне ықылас білдірді және алдағы уақытта нәтижелі қарым-қатынаста
болуға сәттілік тіледі.
ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының
доценті
полиция подполковнигі
Н.Қ.Оразалин