2018 жылғы 6 қарашада ЖІҚ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру және қоғамда құқықбұзушылыққа қарсы «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру сұрақтары бойынша Ақтөбе қаласындағы № 29 және № 5 орта мектептердің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Бұл кездесу барысында полиция подполковнигі Ж.А.Аюпов пен А.С.Байгазин оқушыларға Президент Жолдауында көрсетілген алты мақсатты түсіндірді (халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат, әрбір Қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы).
Одан бөлек, кездесуде бұзақылық көріністеріне жол бермеу, ойын және спорттық алаңдарда, подъездерде, үй ауласында тәртіпті сақтау мәдениеті, мүлікке ұқыптылықпен қарау сияқты қоғамда құқықбұзушылықтарға қарсы «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру бойынша бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Құқыққа қарсы әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік деңгейлері, конфессиялық және этникалық қатынастарды бекіту саласындағы мемлекеттің саясаты және діни мақсаттағы және басқа да қақтығыстардың алдын алу түсіндірілді.
ЖІҚ кафедрасы бастығының орынбасары
полиция майоры
К.Е.Қаратаев