2017 жылғы 27 – 30 қараша аралағында институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А.Даулетияров Ақтау және Атырау қаласындағы жоғарғы оқу орындарының студенттері және мектептердің жоғары класс оқушылары арасында профориентациялық жұмыс жүргізді. Оның мақсаты – білімді, тәрбиелі, мақсатты және Отанын сүйетін, өз өмірін елге адал қызмет етуге арнауға тілек білдірген адамдарды қазақ полициясының қатарына тарту үшін үгіт жүргізу.
2017 жылғы 27 қарашада Атырау қаласының барлық жоғары оқу орындарының соңғы курстарында өзге мамандықты оқып жатқан студенттерін Х.Досмұхамбет атындағы Атырау мемлекеттік университетінің басты корпусына жиналып, мемлекет басшысы жолдауының негізгі ұстанымдары жастарға бағытталған«Өмір бойы білім алу» қағидасын жүзеге асыру және осылайша жоғары заңгер білімі жоқ тұлғалар үшін қысқартылған мерзімде білім алу мүмкіндігін ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты беретінін назарларына жеткізілді.
Күннің екінші жартысында Атырау қаласының орта мектептерінің бітіруші класс түлектеріне ІІМ оқу орындарына түсу жөнінде, соның ішінде, біздің институтқа, талапкерлерге қойылатын негізгі талаптар, дене дайындығын тапсыру үшін нормативтер түсіндірілді.
2017 жылғы 28 қарашада институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А.Даулетияров Қазақстан – Атырау телеканалында «Қайырлы таң, Атырау!» бағдарламасында студия қонағы болып «Рухани жаңғыру» Елбасының қоғамдық сапаны жаңғыртуға арналған хабарламасының кейбір ережелерін түсіндіріп институтқа конкурс тәртібінде түсу және ІІО қызмет ету секілді жүргізушілердің өзекті сұрақтарына жауап берді.
2017 жылғы 29-30 қарашада аталған кездесулер Ақтау қаласында жүргізілді. Атап айтқанда, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің басшылығымен келісіліп, Ақтау қаласының жоғары оқу орындарының бітіруші курстарының студенттері алдын ала шақырылды. Студенттерді оқуға түсуге байланысты басқа да сұрақтар мен қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы және ақша мәселелері қызықтырды. Сонымен бірге, осы күндері Ақтау қаласының орта мектептерінің бітіруші кластары арасында профориентациялық жұмыс жүргізілді.
Ақтау және Атырау қалаларындағы әр кездесуде жоғары оқу орындарында және орта мектептерде қатысушыларға институт курсанттарымен түсірілген «Курсант өмірінің бір күні» видеофильмі көрсетілді.
Кездесудің соңында полиция полковнигі Д.А.Даулетияров Қазақстанның ІІО қатарында қызмет жүргізуге қызығушылық танытқандардың қосымша сұрақтарына жауап берді.
ЖОО және мектеп басшылары осындай кездесулердің оң жағын атап, болашақта жастарға арналған кездесулерді жүргізуге үміттерін білдірді.