Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ресейде учаскелік полиция қызметінің құрылған күніне арналған халықаралық онлайн-семинар

2019 жылы 13 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ресей ІІМ Воронеж институтының ұйымдастыруымен өткізілген Ресейде учаскелік полиция қызметінің құрылу күніне арналған онлайн-семинарға қатысты.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы полиция майоры Ерлан Қуанышұлы Балымов «Формы и методы взаимодействия ОВД с общественными объединениями и общественными помощниками полиции по вопросам обеспечения охраны общественного порядка» баяндамасымен, әкімшілік құқық және ІІО-ның әкімшілік қызметі кафедрасының оқытушысы В.В. Хасанова «Актуальные проблемы организации деятельности УИП» баяндамасын ұсынды.

Онлайн-семинарға, сонымен қатар, Ресей ІІМ Воронеж институтының, Беларусь Республикасы ІІМ Могилев институтының, Ресей ІІМ Барнаул заң институтының, Ресей ІІМ Краснодар университетінің, Ресей ІІМ Орал заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамы, курсанттары мен тыңдаушылары қатысты.

Іс-шара соңында полиция полковнигі Г.Ж.Сулейманова ұйымдастырушыларға шақырғаны үшін алғысын білдіріп, барлық ресейліктерді учаскелік полиция инспекторы күнімен құттықтады және барлық қатысушыларға сәттілік, денсаулық пен шығармашылық табыс тіледі.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.Қ.Каримбаева

 
04