2019 жылғы 28 наурызда Ресей ІІМ Барнауыл заң институтымен онлайн байланыс жүйесінде «Экстремизм — аймақтық қауіпсіздіктің жаңа сын-қатерлері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған іс-шараға Ресей ІІМ Барнауыл заң институтының, Беларусь Республикасы ІІМ Могилев институтының, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай заң институтының және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері қатысты.
Конференция жұмысын Ресей ІІМ Барнауыл заң институты — Ресей ІІМ Барнауыл заң институты бастығының орынбасары (ғылыми жұмыс жөніндегі), заң ғылымдарының докторы, доцент полиция полковнигі Юрия Васильевич Анохина құттықтау сөзімен ашты, ал Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы, заң ғылымдарының магистрі полиция подполковнигі Айслу Қайрлықызы Каримбаева сөз сөйледі. Біздің институттан Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жедел-іздестіру қызметі кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Асқар Сырлыбайұлы Байгазин «Актуальные вопросы профилактики и предупреждения религиозного экстремизма среди молодежи в Республике Казахстан» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.
Сонымен қатар, «Дін және қауіпсіздік» ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс тобының мүшелері — біздің институттың қызметкерлері пікірталасқа қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Конференция соңынды жұмыс қорытындысы шығарылды. Ресей ІІМ Барнауыл заң институты қатысушылардың барлығына іс-шараға қатысқандығы және ынтымақтастығы үшін зор алғысын білдірді.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі
А.Қ. Каримбаева