2018 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің, кәсіптік және қосымша білім факультетінің, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ҚМ Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының өкілдері Ресей ІІМ Белгород заң институтымен онлайн байланыс жүйесінде өткізілген «Көліктегі Ресей ІІМ-нің аумақтық органдары қызметінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісіне қатысты.
Институт тарапынан модератор — ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.К. Каримбаева сөйледі.
Аталған конференция жұмысында кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі Серік Бақытұлы Гизатов «Проблемы правового регулирования и организации обеспечения деятельности линейных отделов полиции ДВД на транспорте Республики Казахстан» баяндамасын, Қазақстан Республикасы ҚМ Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бастығы подполковник Қуанышбай Марксұлы Берекебаев «Анализ авиапроисшествий и пути их предупреждения» баяндамасын қатысушылар назарына ұсынды.
Аталған пленарлық мәжілісте көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық реттестіру және көліктегі ІІМ-нің аумақтық қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелерінің теориясына, әдістемелеріне және тәжірибелеріне қатысты көп сұрақтар талқыланып, қатысушылар пікірлері мен тәжірибелерін ортаға салды.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі
А.К. Каримбаева