Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ресей ІІМ Воронеж институтының 40 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысу туралы

2018 жылғы 14 желтоқсанда Ресей ІІМ Воронеж институтында
(Воронеж қ.) Ресей ІІМ Воронеж институтының құрылғанына 40 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова мен ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айслу Кайрлақызы Каримбаева қатысты.
Салтанатты іс-шара оқу орнының құрылғанына 40 жыл толуына арналған концерттік бағдарламадан басталды.
Содан кейін Ресей полициясының 300 жылдығына және институттың құрылғанына 40 жыл толуына орай институттың халықаралық орталығын ашуға арналған салтанатты рәсім өткізілді, іс-шараға Ресей ІІМ Воронеж институтының бастығы полиция генерал-майоры Александр Павлович Нахимов, Беларусь Республикасы ІІМ Академиясының бастығы милиция генерал-майоры Владимир Владимирович Бачила, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова, Беларусь Республикасы ІІМ Могилевск институты бастығының бірінші орынбасары милиция подполковнигі Юрий Петрович Шкаплеров және  Ақтөбе заң институтының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айслу Кайрлақызы Каримбаева қатысты.
Бұдан кейін біздің институт өкілдері Ресей ІІМ Воронеж институтының басшылығымен кездесті. Презентациялық материалдар алмасу, институттың оқу-материалдық базасымен танысу  өткізілді, «Кешкі Воронеж», қала сыртындағы оқу базасына бару ұйымдастырылды.  
Келесі күні Рамони елдімекеніндегі Ольденбург сарай кешеніне экскурсия жасау ұйымдастырылды.

Ғылыми-зерттеу және
редакциялық-баспагерлік
жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы                                                                       
А.Каримбаева