Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ресей ІІМ И.Д. Путилин атындағы Белгород заң институтымен онлайн байланыс жүйесінде өткізілген «Көліктегі Ресей ІІМ аумақтық органдары қызметінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2019 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ресей ІІМ И.Д. Путилин атындағы  Белгород заң институтымен жасалынған білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама негізінде онлайн байланыс жүйесінде өткізілген «Көліктегі Ресей ІІМ аумақтық органдары қызметінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Конференция жұмысы Ресей ІІМ И.Д. Путилин атындағы БелЗИ бастығының (оқу ісі жөніндегі) орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент полиция подполковнигі Алексей Николаевич Александровтың кіріспе құттықтау сөзімен басталды, сонымен қатар, Ресей ІІМ Көліктегі Бас басқармасының Кадр және мемлекеттік қызмет бөлімінің бастығы полиция полковнигі Леонид Николаевич Белозерский кіріспе сөз сөйледі. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы полиция майоры Алена Николаевна Левченкова«К вопросу об обеспечении безопасности на транспорте в Республике Казахстан» баяндамасын қатысушыларға ұсынды.

Аталған конференцияда Ресей және Қазақстан жол-көлік полициясы қызметкерлерінің өзара іс-қимыл жасау формасы, көлік қылмыстарының жолын кесу үшін және көлікте жиі кездесетін құқық бұзушылықтар мен осы құқық бұзушылықтарды жою бойынша қандай шаралар қабылданатыны туралы мәселелер қызу талқыланды.

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» талқыланды.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.Қ. Каримбаева