2019 жылғы 26 қыркүйекте Ресей ІІМ Қиыр Шығыс заң институтының Владивосток филиалымен онлайн байланыс жүйесінде «Арнайы білімді пайдалану:теориялық-құқықтық парадигма және практикалық қызмет мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференция Ресей ІІМ Қиыр Шығыс заң институтының Владивосток филиалының бастығы полиция полковнигі Виктор Владимирович Некрытоның кіріспе сөзінен басталды. Ресей ІІМ Ростов заң институтының криминалистика және жедел-іздестеру қызметі кафедрасының бастығы, Ресей Федерациясының құрметті қызметі, заң ғылымдарының докторы, профессор Акоп Вараздатович Варданян мен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айслу Қайырлықызы қатысушылармен амандасып, іс-шараның табысты болуына тілек білдірді.
Полиция подполковнигі А.Қ. Каримбаева өз сөзінде Ресей ІІМ Қиыр Шығыс заң институтына серіктестігі үшін алғыс білдіре отырып, бұл конференцияның Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Владивосток филиалы арасындағы бірінші іс-шара екендігін атап өтті. Конференция тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2018 жылғы 05 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында көрсетілгендей, қоғам жаңа форматтағы полицейлерді — құқыққа қарсы сипаттағы кез келген көріністерге қарсы тұра алатын кәсіби мамандарды күтетіндігі, аталған Жолдау негізінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда үкімет қаулысымен ІІО кадрларын іріктеу мен даярлау жүйесін оңтайландыру, ведомстволық білім беру жүйесін жаңғырту бойынша нақты іс-шаралар белгіленген «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы» бекітілгендігі айтылды.
А.Қ. Каримбаева іс-шараны қорытындылай келе, конференция қатысушыларының қызметтеріне табыс пен барлық проблемалық мәселелердің шешу жолдарының табылуын тіледі.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі
А.Қ. Каримбаева