Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Салауатты бейсенбі

Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және 2019 жыл – «Жастар жылына» орай, 2019 жылғы 11 сәуір күні әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен жоспарға сай, «Салауатты бейсенбі» атты спорттық шара негізінде, институттың құрама командасымен Ақтөбе облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі командасы арасында волейболдан жолдастық кездесу өткізілді.

 Жарысқа қатысушы спортшылар мемлекеттік гимн орындап, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Г.Ж.Сулейманова жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, жолдастық кездесуді салтанатты түрде ашты.

Қорытынды ұпай сандары бойынша Ақтөбе облысы Мамандан-дырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі «Күзет» командасы жеңіске жетіп, институт бастығының міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Г.Ж.Сулейманова дипломмен және «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Ақтөбе облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі «Күзет» командасының ойыншысы Е.Б. Нұғымановты, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты командасының ойыншысы Қ.М.Манапбаевты, «Үздік байланыстырушы» номинациясы Ақтөбе облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі «Күзет» командасының ойыншысы С.С.Қалишевті грамотамен марапаттады.

«Салауатты бейсенбі» іс-шарасы аясында мемлекеттік мекемелермен және Ақтөбе қаласының ЖОО-ның қызметкерлері арасында волейболдан жолдастық кездесулер институтымызда әрі қарай жалғасын табады.

ӘжДШД кафедрасының аға оқытушысы

полиция аға лейтенанты А.Қ. Қосмұратов

 
IMG-20180505-WA0021