Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және 2019 жыл – «Жастар жылына» орай 2019 жылғы 18 сәуір күні әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен жоспарға сай, «Салауатты бейсенбі» атты спорттық шарасы аясында институттың құрама командасы мен Ақтөбе қаласының Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты командасы арасында волейболдан жолдастық кездесу өткізілді.
Жарысқа қатысушы спортшылар тарапынан Мемлекеттік Гимн орындалып, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Г.Ж. Сулейманова жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, жолдастық кездесуді салтанатты түрде ашты.
Қорытынды ұпай сандары бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Қорған» командасы жеңіске жетті. Сонымен қатар «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты командасының ойыншысы И.М. Сатторов, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты командасының ойыншысы К.А. Жаркова, «Үздік байланыстырушы» номинациясы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының командасының ойыншысы, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы, полиция подполковнигі Н.Т. Саханова грамотамен марапатталды.
«Салауатты бейсенбі» іс-шарасы аясында мемлекеттік мекемелермен және Ақтөбе қаласының ЖОО-ның қызметкерлері арасында волейболдан жолдастық кездесулер институтымызда әрі қарай жалғасын табады.
ӘжДШД кафедрасының аға оқытушысы
полиция аға лейтенанты
А.Қ. Қосмұратов