Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Салауатты бейсенбі

Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және 2019 жыл – «Жастар жылына» орай 2019 жылғы 02 мамыр күні әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен жоспарға сай, «Салауатты бейсенбі» атты спорттық шарасы аясында институттың құрама командасы мен Қ.Жұбанов атындағы АМӨУ Жоғарғы колледжінің «Ақтөбе» командасы арасында волейболдан жолдастық кездесу өткізілді.

Жарысқа қатысушы спортшылар тарапынан Мемлекеттік Гимн орындалып, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Г.Ж. Сулейманова жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, жолдастық кездесуді салтанатты түрде ашты.

Қорытынды ұпай сандары бойынша Қ.Жұбанов атындағы АМӨУ Жоғарғы колледжінің «Ақтөбе» командасы жеңіске жетті. Сонымен қатар «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша «Ақтөбе» командасының ойыншысы Б.М.Мұқанбетқали, «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша «Ақтөбе» командасының ойыншысы Б.Шәбілов, «Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша  «Ақтөбе» командасының ойыншысы А. Кенесов грамотамен марапатталды.

«Салауатты бейсенбі» іс-шарасы аясында мемлекеттік мекемелермен және Ақтөбе қаласының ЖОО-ның қызметкерлері арасында волейболдан жолдастық кездесулер институтымызда әрі қарай жалғасын табады.

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы

полиция майоры

Б.Қ. Ибраймов

 
IMG_0488