Астананың 20 жылдығы мерекесіне орай институтта ауыспалы құрам арасында самбо күресі жарысы өткізілді.
Институт басшылығы, әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының профессорлық – оқытушылық құрамы самбо күресіне үлкен назар аударуда.
Жарысқа қатысушы спортшылар сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі С.И.Қаракүшев жарысқа қатысушы курсанттарға Астананың 20 жылдығы мерейтойымен құттықтап, сәттілік тілеп, спортта жоғары белестерді бағындыруға серпін беріп, жарысты салтанатты түрде ашты.
Жарыс 5 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді және төмендегі аталған курсанттар жүлделі орындарға ие болды: 1-ші орынды 57 келіге дейінгі салмақта Е.Бисен, 62 келіге дейінгі салмақта О.Шаяхметов, 68 келіге дейінгі салмақта А.Қаражанов, 74 келіге дейінгі салмақта Ж.Жылқыайдар, 82 келіге дейінгі салмақта М.Артығалы жеңіп алды.
Жарыс жақсы көңіл-күйде өтіп, жеңімпаздар және жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталып, салтанатты түрде аяқталды.
ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы
Ақтөбе заң институты
ӘжДШД кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры А.А. Мергалиев