Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында  іздеу тақырыбы аясында ” Тәжірибелік сабақтарды өткізу әдістемесін жетілдіру” атты семинар-тренинг өтті.  Оның негізгі мақсаты – институттың профессорлық-оқытушылық құрамына оқытудың инновациялық әдістемесімен танысу болатын.
Аталған мәселеге сәйкес келесі тапсырмалар алға қойылды:

  1. Білім беру жүйесіндегі инновацияларды, оқытудың әдістемелері мен құралдарының заманауи формаларын қарастыру;
  2. Шет ел және ҚР ІІМ ведомстволық оқу орындарының тәжірибелік сабақтары бойынша оқытушылардың педагогикалық қызметіндегі алдыңғы қатардағы тәжірибе алмасуды қарастыру;
  3. Профессорлық-оқытушылық құрамның оқытуда инновацияны қолданудың даярлығы қаншалықты дәрежеде екендігін анықтау;
  4. Тәжірибелік сабақтарды өткізудегі әдістемелерді жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдарды жасау және ендіру, сонымен қатар инновацияларды оқу жүйесіне белсенді ендіруге үлес қосу;

Семинар-тренингте (жалпы білім беру пәндер кафедрасының)  жұмыс тобы  оқытушылары өз тәжірибелерімен  бөлісіп және инновациялық әдістеме бойынша презентацияларын ұсынды, әрі ізденіс тақырыптарында: «Кластер» әдісі, «Алты қалпақ» әдісі, тренинг, шығармашылық тапсырмалар, «Ми шабуылы» әдісі, дискуссия, дебаттар, кіші топпен жұмыс, Синквейн әдісі, іскерлік және рөлдік ойындар және т.б белгіленген.
Сонымен қатар семинар барысында оқытушылардан оқыту сапасын бағалау үшін анкета алынды. Анкетаның нәтижесі бойынша оқытушыларды категорияға бөлу мүмкіндігі беріледі: оқытушы-түсіндіруші, оқытушы-инвервер (өзімен ілестіруші), белсенді-оқытушы (өз бетімен ізденуге мүмкіндік береді), және де педагогикалық тұрғыда оларды нәтижелі әрі тиімді етіп жасауды қарастыру.
Іс-шара соңында институттың профессорлық-оқытушылық құрамы үшін оқытудың  инновациялық технологияларды пайдалануда әдістемелік ұсынымдар жасалды.

ЖББП кафедрасының доценті
полиция полковнигі                                                                                     
Ж.М.Есмамбетова

 
IMG_4317