Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Семинар-тренингке қатысу

2018 жылғы қазан айының 3 – 5 аралығында Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Полиция қызметкерлерінің халықаралық тәжірибеде жыныс зорлығы фактілеріне әрекет етуі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.  Оған М.Бөкенбаев атындығы Ақтөбе заң институтының әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының бастығы полиция майоры Е.К.Балымов және тыңдаушылар ретінде әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызымет кафедрасының оқытушысы полиция майоры С.Р.Калипова мен криминалистика және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының оқытушысы полиция майоры А.С.Тайшыбаева қатысты.

Аталған семинар-тренинг өту барысында Корея Республикасының  полиция қызыметкерлерінің сексуалдық зорлық хабарламасы бойынша тәжірибелік әрекет ету алгоритмі мен Қазақстан Республикасының полиция қызметкерлерінің әрекеттері салыстырылды.

Сонымен қатар, психологтар дағдарыс орталық өкілдерімен сот-медициналық  және сот-психиатриялық сарапшы өкілдермен бірге полиция қызметкерлерінің сексуалды мінездегі қылмыстарды сотқа дейін тергеп тексеру кезіндегі кездесетін өзекті мәселелер талқыланып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарының  хабарламасы түскеннен бастап, сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізу тәртібін жақсарту жөніндегі ұсыныстар шығарылды.

Мәдени адамгершілік тәрбие бағдарламасының аясындаҚарағанды облысы Долинка ауылында орналасқан,1937 және 1960 жылдар аралығында саяси репрессияға ұшыраған тұлғаларға арналған Карлаг  музейіне саяхат жасалды.

 

ӘҚ және ІІОӘҚ кафедра оқытушысы

полиция майоры

С.Р.Калипова

 
SAMSUNG CSC