2019 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы қылмыстық процесс пәнінің жоспарына сәйкес, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.С. Тайшыбаева «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тергеу әрекеттері» тақырыбында 2 «Б» курсының 202 оқу тобына ашық дәріс сабақ өткізді. Аталған тақырыпқа сай екінші ашық сабақ мемлекеттік тілде 2019 жылдың 17 қыркүйегінде қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.С. Есмағанбетовтің жүргізуімен 301-303 оқу топтарына ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында тақырыпқа сәйкес екі теориялық сұрақ қарастырылды:
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тергеу әрекеттерінің түсінігі және оның мағынасы
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тергеу әрекеттерін өткізу шаралары.
Дәрісте оқытушылар сабақтың тақырыбы және оның орындалу жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ, курсанттарға сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі тергеу әрекеттерінің мағынасы туралы түсіндірілді.
Тергеу әрекеттеріне қатысты түсінік және қылмыстық істің анықталу мәнісі, тергеу әрекеттерінің түрлері және оның өткізілу шарттарына сәйкес презентациялық материалдар көрсетілді. Курсанттардың нәтижелі жұмысына ықпал еткен бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді. Курсанттар тақырыпқа қызығушылық танытып, сұрақтарға жауап бере отырып, сабаққа белесене қатысты. Дәріскерлермен қылмыстық процестік заңнамасына байланысты дәлірек айтқанда тергеу әрекеттеріне қатысты бір қатар сәттер қарастырылды. Сабақты дайындау барысында әдістемелік өңдеу және әдістемелік ұсыныстар пайдаланылды. Өткізілген дәріс сабағына профессорлық-оқытушылық құрам оң пікір берді. Өткізілген сабақ өз мақсатына жетті.