2018 жылдың 19 қарашасында «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Ақтөбе студенттер лигасы» жарысының жабылу салтанатына байланысты қорытынды шығарылды. Салтанатты іс-шара Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің конференция залында өткізілді.
Жарыстың мақсаты жастардың денсаулығын нығайту және спорттық деңгейін көтере отырып, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Аталған іс шаралар әртүрлі спорт түрінен, оның ішінде үстел теннисі, волейбол, баскетбол, сол сияқты шахматтан және тоғызқұмалақ жарысынан өткізілді.
Қазақстан Републикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрама командасы шахмат пен тоғызқұмалақтан 3- орынды, сол сияқты баскетболдан 2- орынды иеленді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және кубокпен марапатталды.
ӘжДШД кафедрасының аға оқытушысы
полиция аға лейтенанты
А.Қ. Қосмұратов