Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Табиғатты сақтаңыз!

Міне, көктемнің соңғы айы өтуде, бірнеше күннен соң жаз айы келмекші, табиғатта демалу маусымы басталады. Ақтөбеліктердің сүйікті демалыс орындарының бірі Ақтөбе теңізі болып табылады. Сондықтан 2018 жылғы   19 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының  1 «А» курс курсанттары табиғатқа шығып, айналаны қоқыстардан, құрғақ ағаштардан тазартты.

Қазіргі таңда көпшілік эколог мамандары біздің ғаламшарымыз нашарлай бастауда  деген болжам айтуда. Сол себептен біздің курсанттар өзінің туған жерінің қамын ойлап, бірлесіп, келісе отырып, ал ең бастысы қала қонақтары демалыс  күндерін жақсы өткізу үшін ауызбіршілікпен қоқыстарды жинастырып, тазартуға белсене атсалысты.

    Бұл іс-шараның басты мақсаты- болашақ ІІО қызметкерлерінің қоршаған ортаның тазалығын сақтау, адамдардың тыныштығын қорғау болып табылады. Алдағы уақытта мұндай іс-шара жиі өткізілетін болады.

 

1«А» курс бастығының

орынбасары

полиция  капитаны

С.П.Оразғалиев