2019 жылғы 28 ақпанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және Ақтөбе қаласының 150 жылдығы аясында сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесте медиацияны жетілдіру жолдары» атты ғылыми-зерттеу жұмысына байланысты кәсіптік және қосымша білім факультетінің қызметкерлері «татуластыру процедурасының оңтайлылығы» атты халықаралық дөгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Ресей Федерациясы Орынбор мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік құқық теориясы және конституциялық құқық» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының доценті Е.И. Максименко, Ақтөбе қаласы №3 қалалық сотының төрағасы Н.О. Аманкулова, Ақтөбе қаласы №3 қалалық сотының судьялары Ж.Ж. Биманова, А.Е.Султангалиева, «халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ басшысы С.А. Балпеисова, кәсіби медиаторлар А.Ж. Таласпаева, С. Жиенбаева, заңгер К.Т. Курмангазина, институттың тәрбие жұмысы бөлімінің инспектор-психологі М. Исламгалеева сонымен қатар «Қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері» санаты бойынша біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары қатысты.
Іс-шараны институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Ғ.Ж. Сулейманова ашып, медиацияның екі жақтың да даулы жағдайларда өздеріне тиімді шешімді қалайтынына сонымен қатар бұның дауласушыларға ұтымды мүмкіндік беретініне тоқталып өтті.
Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында медиацияның оңтайлылығы, қылмыстық процестегі медиацияның ролі және оның екі жақтың да даулы жағдайларының қөлемін азайтуы, медиацияны қолдана отырып соттардың қылмыстық істерді екі жақтың жәбірленуші жақпен келісіміне сай тоқтатуы, сотқа дейінгі және сот жүргізу кезіндегі медиацияның ерекшеліктері туралы сұрақтар қарастырылды.
Іс-шараға қатысушылар сот тәжірибесі мен, медиацияны қолдана отырып екі жақтың келісімі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босату, медиацияны өткізу тәртібіміен, «Smart суд» сот жүргізу жобасымен танысты. Сонымен қатар «Қылмыстық процестегі медиация» тақырыбына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында дөңгелек үстелге қатысушылар медиацияның даму жолдары туралы мәселелерді қарап, оны іске асыру үшін бірқатар ұсыныстарды шығарды.
Барлық дөңгелек үстелге қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталды.
КжҚБФ аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры
Сагынтаева А.А.