Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ТМД елдерінің қоғамдық кеңесі Ресей ІІМ Нижегород академиясымен онлайн байланыс жүйесінде

2019 жылғы 21 мамырда сағат 12:30-да Ресей ІІМ Нижегород академиясының базасында «Ресей Ішкі істер министрінің Нижегород академиясында Салықтық (қаржылық) тергеу органдары үшін кадрлар даярлау бойынша білім беру үрдісін ұйымдастырудың оң тәжірибесі туралы» тақырыбында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық) тергеу органдары үшін кадрлар даярлау жөніндегі базалық ұйымы жанындағы қоғамдық кеңес мәжілісі өткізілді.

Мәжіліске қоғамдық кеңестің мүшесі  Ақтөбе заң институтының өкілі — институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова онлайн байланыс жүйесінде қатысты.

Сонымен қатар, іс-шараға Қазақстан Республикасынан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау академиясының Кәсіби деңгейді арттыру институтының   жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық оқыту кафедрасының меңгерушісі Ж.О. Джусупов, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу университетінің Қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері С.Д. Бекишева, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау академиясының Кәсіби деңгейді арттыру институтының    жедел-тергеу қызметі кафедрасының аға оқытушысы
А.Б. Иманғалиев барып қатысты.

Ресей ІІМ Нижегород академиясы бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Евгения Евгеньевна Черных кіріспе сөзімен мәжілісті ашты. Ресей ІІМ Нижегород академиясының экономика және экономикалық қауіпсіздік кафедрасының доценті О.М. Елфимов «Методические проблемы реализации компетентностного подхода при подготовке (обучении) иностранных специалистов по дисциплинам экономического цикла», Ресей ІІМ Нижегород Академиясының Қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының бастығы М.В. Степанов «Уголовное законодательство как важный элемент подготовки специалистов по расследованию налоговых (финансовых) преступлений», Ресей ІІМ Нижегород академиясының Қаржы, салық және несие кафедрасының бастығы А.В. Тимченко «Роль и возможности кафедры финансов, налогов и кредита Нижегородской академии МВД России в подготовке кадров для органов налоговых (финансовых) расследований», алдын ала тергеу кафедрасының бастығы
А.Ю. Ушаков «О необходимости включения в итоговую государственную аттестацию по направлению подготовки «Юриспруденция» (специализация – уголовно-правовая; узкая специализация – предварительное следствие в органах внутренних дел) и по специальности «Правовое обеспечение национальной безопасности» (специализация – уголовно-правовая; узкая специализация – предварительное следствие в органах внутренних дел) государственного экзамена «Предварительное следствие в органах внутренних дел», Ресей ІІМ Нижегород академиясының сот бухгалтериясы және бухгалтерлік есеп кафедрасының бастығы С.С. Воронов «Проблемы судебно-экономической экспертизы, проводимой в рамках расследования налоговых (финансовых) преступлений», Ресей ІІМ Нижегород академиясының криминалистика кафедрасының профессоры С.Ю. Журавлев «Понятие и содержание криминалистической культуры правоприменения» тақырыптарында баяндамалар жасады.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі                                                 

А.Қ. Каримбаева

 
IMG-20180705-WA0012