2019 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының терпевт-дәрігері Г.Т. Балгаева 3-курс курсанттары арасында «Туберкулез, жұқтыру жолдары және алдын алу шаралары» тақырыбында дәріс оқу және әңгіме өткізу үшін фтизиатр-дәрігер А.Т. Айтпағанбетованы, фтизиопедиатр З.Ж. Шалтенованы, эпидимиолог Н.А. Асылханды шақырды.
Жыл сайын 24 наурыз күні әлемде «Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні» ретінде атап өтіледі, бұл іс-шара ДДҰ-да бекітілген. Осы жылы туберкулезбен күрес компаниясы «Туберкулезді анықтау және емдеу, жою» ұранымен өткізілді.
Қазақстанда туберкулезді анықтау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне кіреді және толықтай тегін жүзеге асырылады. 2019 жылы осы мақсатта мемлекеттік бюджеттен 47,7 млр теңге бөлінді. Туберкулезбен ауырмас үшін жылына бір рет флюротексеруден өтіп, салауатты өмір салтын сақтау керек.
Туберкулез — кең таралған жұқпалы және ұзақ еңбекке жарамсыздыққа, мүгедектікке әкеп соқтыратын өте қауіпті ауру. Аурудың қайнар көзі — тыныс алу органдары туберкулезінің белсенді түрімен ауыратын адам. Ал аурудың қоздырғыштары туберкулездің кептіруге және қыздыруға төзімді микобактериялары болып табылады. Сыртқы ортадағы микобактериялар жарты жылға дейін айналаға қауіпті болып саналады. Ол әңгімелесу, жөтелу, түшкіру кезінде ауа тамшылары арқылы жұғады.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері мен курсанттары туберкулездің алдын алу мақсатында жыл сайын жоспарлы диспансерлеуден өтеді, салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылданып, денелерін шынықтырады.
Терапевт-дәрігер
Г.Т. Балгаева