Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Институт қызметкерлері арасында өткен мини-футболдан турнир жарысы

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдармаласын түсіндіру мақсатында, 2018 жылдың 13-15 маусым аралығында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты базасында Қазақстан Республикасының елордасы  – Астана қаласының 20 жылдығы мен Қазақстан полициясы күніне орай  ұйымдастырылған мини-футбол жарысы өтті.

Институт бастығы полиция полковнигі Қаракүшев Сәлімгерей Иманғалиұлы алғы сөзінде, қатысушыларды құттықтай отырып, жеңісте сәттілік тіледі.

Турнирге институт қызметкерлері арасынан 6 командалар қатысты. Сайыс айналмалы жүйе бойынша өткен болатын. Ойын жемісті өтті.

Жарыс соңында  жеңімпаздар командалары анықталды: 1-ші орында «Астана» командасы, 2-ші орында  «Динамо» командасы, 3-ші орында  «Вымпел» командасы. Сонымен қатар ойыншылар грамоталар мен номинацияларға да ие болды   «Үздік ойыншы» – полиция полковнигі  К.М. Манапбаев, «Үздік қорғаушы» –полиция подполковнигі А.А. Салимов, «Үздік қақпашы» – полиция аға лейтенанты Н.А. Таласбаев.

Турнирге қатысушылар институт басшылығына жоғары деңгейде ұйымдастырған  турнир үшін  алғыстарын білдірді.

Сайыс  жеңімпаздарына салтанатты түрде грамоталар мен дипломдар табыс етілді.

     ӘжДШД кафедрасының доценті

     полиция полковнигі

     Қ.Д.Үмбетбаев

 
01299024