2017 жылғы 16 қарашада Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Тіл жаңғыруы: қазақ тілінің жаңа әліпбиі және жаһандық білім беру кеңістігі» атты семинар өтті. ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің бастығы Жанат Нурмухамбетова, жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы полиция полковнигі Альфия Саттарова мен аталған кафедраның оқытушылары полиция капитаны Сәния Меңдібаева, Гүлназ Базарбай және оқу әдістемелік орталығының оқытушы-әдіскері полиция капитаны Райгүл Молдыбаева қатысты. Сондай-ақ, жан-жақтан келген Ақтөбе қаласы ЖОО-ның, ІІД-нің және т.б. мекемелердің өкілдері де болды. С.Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап облыстық кітапханасында өткізілген аталмыш семинардың мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген 6-бағыт «Латын графикалық жүйеге көшу» кезеңдеріне, қағидаларына шолу, қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа әліпбиін көпшілікке таныстыру.
Семинарда мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің бастығы Жанат Бердалықызы латын графикасына негізделген жаңа әліпби жөнінде өз ойын ортаға салып, институтымыз үшін жаңа қазақ әліпбиінің маңыздылығын атап өтті.
Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі