Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

“Тіл – халықтың тірегі” атты дөңгелек үстел

2019 жылы 26 қыркүйекте Тілдер апталығы аясында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Жалпы білім беру пәндері кафедрасы “Тіл – халық тірегі” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның өткізілу нысаны кездейсоқ таңдалмаған. Дөңгелек үстел аясындағы пікірталастар қатысушыларға қандай да бір мәселе бойынша баяндама жасауға, пікір алмасуға, бір-бірінің ұстанымдарын анықтауға, өркениетті қарым-қатынас шеңберінде белгіленген тақырыпты талқылауға мүмкіндік берді.

Аталған іс-шараға қатысқандар: институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің доценті, филология ғылымдарының кандидаты — Н.Ә.Сәдуақас, Ақтөбе облысы бойынша Халықаралық Қазақ тілі қоғамы ұйымы төрағасының орынбасары, ҚР құрметті журналисі —  Ж.Ж. Қабақбаев, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты — М.К.Аманғазиева, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ-ның мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің бастығы — Ж.Б.Нурмухамбетова.

“Дөңгелек үстелдің” жұмыс барысы: белсенділікпен, серіктестік қарым – қатынас  және топтық пікірталас әдісі негізінде құрылды.

Талқылау үшін келесі мәселелер ұсынылды:

1. Жазу мен әдеби дәстүрдің болуы

2. Оны (екінші) әкімшілік тіл ретінде пайдалану, мемлекеттік тіл мәртебесі.

3. Мектептерде тілді факультативтік пән ретінде оқыту, тілдік курстардың болуы.

4. Ұлттық құныдылық пен тұрақтылық

Осы жағдайда, біздің ойымызша, дұрыс жоспарланған және белсенді түрде жүзеге асырылатын тіл саясаты бүгінгі күні оларды болашақ ұрпаққа беру үшін өз ана тілдерін жан-жақты қолдауға немесе қайта жаңғыртуға бағытталған тіл қоғамдастықтарының күш-жігерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

ЖББП кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

Ш.У. Смагулова

 
11246020 IMG_2103