Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Түркия Республикасы Анкара қаласының курстарында оқу

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеделіздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Ж.А. Аюпов ҚР ІІМ тобының құрамында Түрік Республикасы ІІМ лаңкестікке қарсы күрес департаменті (Анкара қаласы) 2018жылғы 3-7 желтоқсан аралығында «өлім-террористтерінің шабуылы және алдын алу стратегиялары» курстарында оқыту үшін іс-сапарда болды.
Сабақ Террормен күрес академиясында өтті. Түркия ІІМ Бас қауіпсіздік дирекциясының ғимаратында орналасқан. Бұдан басқа, жарылғыш заттарды зерттеу және залалсыздандыру орталығында және Түркия ІІМ Кинология орталығында көшпелі сабақ өткізілді.
Сабақ барысында терроризммен күресті жүзеге асыратын органдардың құрылымы, террористердің өз-өзіне қол жұмсаудың себептері, лаңкестікке қарсы тұру бойынша Түркия заңнамасы, жарылыс және жарылғыш құрылғылар түрлері, террористтердің өз-өзіне қол жұмсауды жүзеге асыратын тұлғаларды дайындау әдістерді, Түркиядағы террористік ағымдардың түрлерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, терроризмің алдын алу шаралары зерделенді.

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы
Ақтөбе заң институтының
жедел іздестіру қызметі кафедрасының
аға оқытушысы
полиция подполковнигі
Ж.А. Аюпов

 
03280193