2018 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты іс-шараға институт басшылығы, ардагерлер мен қонақтар «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, КСРО-ның еркін күрестен, самбодан, дзюдодан спорт шебері, отставкадағы полиция полковнигі Төлепбергенов Арыстан Төлепбергенұлы, самбодан еңбек сіңірген спорт шебері, әмбебап жекпе-жектен еңбек сіңірген спорт шебері, самбодан Қазақстанның 20 дүркін чемпионы, самбодан әлем чемпионы, әмбебап жекпе-жектен 5 дүркін әлем чемпионы, отставкадағы полиция майоры, әлем чемпионы Лилия Агильманованың жаттықтырушысы Райса Оразбекқызы Байлиева және «Н.Ә.Назарбаев стратег және дипломат ретінде» тақырыбындағы баяндамасымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Қазақстан халық Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Дмитрий Анатольевич Мацюк қатысты.
Салтанатты іс-шараны институт бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев ашып, барлық жиналғандарды мерекемен құттықтады. Мерекелік бұйрық оқылып, полиция майоры Ләззат Абылкаирқызы Жұбандықоваға кезекті «полиция подполковнигі» атағы берілді. Ішкі істер министрі мен институт бастығы атынан грамоталар мен алғысхаттар табысталды.
Әрі қарай іс-шара 1 А курсының курсанттары дайындаған концертпен жалғасты.
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева