Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тәжірибелік қызметкермен өткізген тәжірибелік сабақ

2019 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.Т.Саханова кафедра жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық процесстік құқық» пәні «Сотқа дейінгі тергеуді аяқтау» тақырыбы бойынша 2 Б курсы 201-оқу тобының курсанттарына Ақтөбе қалалық ПБ №2 Астана ауданы ҚПБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Қуаныш Нұрбайұлы Кулькешевпен тәжірибелік сабақ өткізді.

Сабақ барысында тәжірибелік қызметкер Ақтөбе облысы ПД жедел-криминалистикалық қызметтің міндеттерін, қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу мен тергеудегі инновациялық криминалистикалық құрылғылар, сотқа дейінгі тергеудің түрлерін, сондай-ақ дәлелдемелер саласындағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының жаңалықтарын атады. Ол сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық істерді электрондық форматта тергеуге баса назар аударды.

Сабақ өте қызықты және кері байланыста өтті, курсанттар жаңа техникалық және криминалистикалық құралдар мен әдістерді қолдана отырып, оқиға болған жерді қарауды, жүргізу тактикасы, әдістері мен заңдылықтары туралы біліп, дәлелдемелер мен типтерді қолдана отыра, Ақтөбе облысы бойынша ПД тәжірибесінен нақты мысалдар қарастырды.

ҚПжК кафедрасының бастығы

полиция полковнигі

Н.Т.Саханова