2019 жылғы 21 қазанда оқу жоспарына сәйкес, сондай-ақ ішкі істер органдарын модернизациялаудың 2019-2020 жылдарға арналған Жол картасының үшінші бағыты аясында, дәлірек айтқанда, тәжірибеге бағытталған оқыту бойынша қылмыстық процес және криминалистика кафедрасының оқытушылары полиция подполковнигі А.Е.Церковнова және полиция майоры З.А.Мухангалиева «Арнайы-тактикалық дайындық» пәні, «Босанған кездегі дәрігерге дейінгі медициналық көмек» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді. Сабақ Алға орталық аудандық ауруханасының акушер-гинекологы – Гүлсім Орынбасарқызы Мухангалиеваның қатысуымен өткізілді, ол курсанттарға жедел түрде ауруханаға жеткізу кезінде алғашқы көмек көрсету алгоритмін түсіндірді, сонымен қатар жаңа туған нәрестеге және босанғанға дейінгі көрсетілетін шұғыл шаралар туралы айтты.
Осындай сабақтарды өткізудің орындылығы әр түрлі қоғамдық орындарда және көлікте шұғыл босанудың өсу тенденциясымен негізделеді, мұндай жағдайларда көбінесе полицей жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін өз тарапынан көмектесуге міндетті. Медициналық қызметкерлермен бірлесіп өткізілетін тәжірибелік сабақтар болашақ полиция қызметкерлеріне қажетті теориялық білім алуға ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік дағдылар мен осындай жағдайларда әрекет ету кезіндегі психологиялық дайындығын дамытуға көмектеседі.
ҚПжК кафедрасының
оқытушысы
полиция майоры
З.А.Мухангалиева