12 ақпаннан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында әр облыстың МКҚБ бөлім бастықтары біліктілігін арттыру курсынан өтуде.
21 ақпан күні арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына тәжірибелік қызметкерлермен, атап айтқанда Астана қаласы МКҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Т. Төлебаймен, Астана қаласы МКҚБ кезекші бөлімінің бастығы полиция майоры Г. Сарсембаевпен, үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің кезекші бөлімінің бастығы полиция капитаны Е. Баякпаевпен, дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің аға инспекторы Ж. Абилгазинмен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу достық қарым-қатынаста өтті. Аға буын өкілдері арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларын МКҚБ-ның жұмысында кездесетін нормативтік құқықтық актілермен, бұйрықтармен, нұсқаулармен таныстырып, Қазақстан Республикасының Әдеп кодексін түсіндіріп, қызметтік киім кию үлгілеріне тоқталып, алдағы уақытта жас буынға жұмыс барысында кездесетін өзге де сұрақтарды талқылады.
Арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына оқуда сәттілік тілей отырып, оларға болашақ тәжірибеде кең қолданылатын теориялық материалдарға көп көңіл бөлулерін талап етті.
КжҚБФ аға оқытушысы-әдіскері
полиция майоры
Д. Тулеуов