Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ТӘРБИЕ ТІЛДЕН БАСТАЛАДЫ

         Қазақстан Халықтарының тілдері күнін мерекелеу мен институттың жалпы білім беру пәндері кафедрасында қызмет жасайтын «Альтернатива» ғылыми үйірменің жұмысы аясында 2017 жылғы 21 қыркүйекте 1 курс курсанттарымен «Education begins with the language» («Тәрбие тілден басталады», «Воспитание начинается с языка») тақырыбына іс-шара өтті.

         Шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, тілдерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті, сонымен бірге, таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықты арттыру.

         Курсанттар көптеген жаңа, қызықты, танымдық ақпараттар алды. Тапсырмаларды орындауда олардың өздеріне еңбектенуге тура келді, ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе секілді Қазақстанның қалаларына презентация жасады. Олар қалалардың көрікті жерлерін ғана емес, ІІМ қарасты жоғары оқу орындарын да көрсетті.

         Іс-шараны ұйымдастырушылар «Ең бастысы жеңіс емес, қатысу» олимпиші ұранын тастады. Содықтан командалардың өнер көрсетуі әділқазылармен бағаланған жоқ. Шара достық ахуалда жүріп, аты аңызға айналған «Beatles» тобының «Yesterday» әнін орындаумен аяқталды.

 

Жалпы білім беру пәндері

кафедрасының доценті

полиция полковнигі

Ж.М.Есмамбетова