2018 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында көрсетілген басты бағыттар мен міндеттерді түсіндіруге арналған Ғылыми кеңестің жоспардан тыс кеңейтілген №5 мәжілісі өткізілді.
Кеңейтілген мәжіліс жұмысына Ғылыми кеңес мүшелері, институттың Ардагерлер кеңесінің төрағасы Айдосов Мұратқали Көпжасарұлы, басшылық, жеке құрам, институттың білім алушылары, сонымен қатар, облыстық депутаттар корпусының жұмыс тобы: Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Итеғұлов Марат Серғазыұлы, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Татимов Ерлан Асқарұлы, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Алипов Серік Амантайұлы, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Швец Константин, Ақтөбе қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Қоқанов Жұмабек Құлмұхамбетұлы, Ақтөбе қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дәулеталин Ғалым Елкейұлы, «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының кеңесшісі Ержақыпов Мұратбек Санақұлы және бұқаралық ақпарат құралдарының — “Қазақстан Ақтөбе” телеканалының, облыстық “Ақтөбе” газетінің, республикалық “Керек инфо” газетінің өкілдері қатысты.
Мәжілісті ашқан институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Дәулетияров Дастан Амангелдіұлы: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктері мен басты құндылықтарының негізі азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және дінаралық келісім болып табылатындығын тағы да нақтылап көрсетті, – деп атап өтті.
Елбасы біздің жүзеге асыруымыз үшін 10 басты міндетті белгілеп берді. Ол: “Жаһандық технологиялық ілгерлеудің өзіндік сын-қатерлері де, жаңа мүмкіндіктері де бар. Бұл — әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына жылдам ену үшін тарихи мүмкіндік. Заманауи технология өмірді өзгертуде, – деп нақтылады.
Қонақтардың әрқайсысыөз мамандығының шеңберінде қамти отырып, Елбасы Жолдауының жеті бағыты бойынша баяндады. Өз кезегінде, институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Дәулетияров Дастан Амангелдіұлы мен жалпы құқықтық пәндер кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Илайқов Тимур Үсенұлы құқық қорғау органдарына қатысты үш міндет бойынша басты басымдылықтарды ашып қарастырды.
Сонымен бірге, Жолдаудың үшінші міндетін — “”Ақылды технологиялар” – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігін” түсіндірген Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Итеғұлов Марат Серғазыұлының сөзі институт қызметкерлері мен курсанттарының мейлінше жоғары қызығушылығын тудырды, олар көкейкесті сұрақтарына жауаптар алды.
Іс-шара соңында өзара пікір алмасу сәтінде депутаттар Ақтөбе облысының қызметтік бағыттары бойынша ой бөлісті. Институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Дәулетияров Дастан Амангелдіұлы институттың профессорлық-оқытушылық құрамы Ел Президентінің “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін” қолдайтынын және ЖОО-ның білім беру мен ғылыми қызметін жүзеге асыру аясында белгіленген мақсаттарға жету үшін жұмыстардың жалғасын табатындығын айтты.
Ғылыми кеңестің ғылым
хатшысының м.а
полиция подполковнигі
А.Каримбаева