2018 жылғы 14 ақпанда сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, 2018 жылғы 05 наурызда мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының бірлескен отырысында халыққа жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарында жариялаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» РМК әлеуметтік-саясаттық пәндер кафедрасының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Тайжанов Алтай Тайжанұлы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына келді.
Институт бастығы С.И.Қаракүшевтің бастауымен А.Т.Тайжанов институт мұражайына барып, институттың жеке құрамына арнаған өзінің ізгі тілектерін тілектер кітабына жазып қалдырды. Әрі қарай кездесу институттың акт залында жалғасты. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа бастамалары талқыланып, профессор курсанттардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында институт бастығы құрметті қонаққа естелік кітап сыйға тартып, естелік фотоға түсті.
ТЖБ инспекторы
полиция капитан
З.А.Мухангалиева