2017 жылғы 8 желтоқсанда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Елбасының бағдарламалық мақаласын насихаттау және курсанттардың білімдерін жан-жақты байқау мақсатында мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің ұйымдастыруымен 1 курс курсанттары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы өтті.
Сайыста институт бастығының орынбасары полиция полковнигі Д.А.Дәулетияров сөз сөйлеп, қатысушыларға алдағы ойында сәттілік тіледі. Әр оқу тобынан шыққан алты қатысушы төрт кезең бойынша сайысып, кәсіби және өзге бағыттағы білімдерін сынға салды. Тартысты бәсекеде 103-оқу тобының курсанты қатардағы полиция Тлепов Балтабай жеңімпаз атанды.
Ойын соңында институт бастығының орынбасары полиция полковнигі Д.А.Дәулетияров жеңімпазды грамотамен, қалған қатысушы курсанттарды алғысхаттармен марапаттады.
Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі