Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Чемпион болып туылмайды!

19-20 қазан аралығында  Ақтөбе қаласында әмбебап ұрыстан  Қазақстан чемпионаты өткізілді. Жарысқа қатысушылар Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналды. Ақтөбе облысының құрамасына олардың арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының  3 курс курсанты полиция кіші сержанты Агильманова Лилия Кайратқызы және қатардағы полиция Кадыров Манас Жамбулұлы кірді. Жарыстың басты мақсаты жақында болатын Әлем чемпионатына іріктеу.

70 кг салмақта  өзінің  шеберлігі мен төзімділігін көрсетіп, Лилия әмбебап ұрысынан Қазақстан чемпионы атағына ие болды, сонымен қатар қазіргі уақытта Лилия  әмбебап ұрыстан Әлем чемпионы және халықаралық  спорт шебері және «Жекпе-жек» ұрысынан 3 дүркін Қазақстан Чемпионы болып табылады. Әмбебап ұрыстан Қазақстан чемпионатына алғаш рет қатысқан Кадыров Манас 75 кг салмақта Кызылорда облысының спортшысынан жеңіліп, 3-ші орынға ие болды.

Біз Лилияға және Манасқа сәттілік , жеңіс тілейміз!

3 «А» курс бастығының орынбасары

полиция капитаны                                                              

С.П. Оразгалиев

 
IMG_1885