Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Шахмат жарысы

2018 жылдың 19 қазанында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және «Ақтөбе облысының жастар саясат мәселелері басқармасы» ММ бірлесе отырып, «Ақтөбе студенттер лигасы» жоспары бойынша шахматтан жарыс өткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша: 1-ші орынды М.Оспанов атындағы БҚММУ құрама командасы, 2-ші орынды Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ құрама командасы, 3-ші орынды ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ құрама командасы, 4-ші орынды С.Бәйішев атындағы АУ құрама командасы және 5-ші орынды Т.Бегилдинов атындағы ӘҚКӘИ құрама командасы иеленді.
Жарыстың жеңімпаздарымен жүлдегерлері «Ақтөбе студенттер лигасы» ойындары аяқталған соң грамоталармен және медалдармен марапатталады.

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
Ж.Қ.Қаирбаев

 
11085088