Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша құқық қорғау органдарының қызметі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2019 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты онлайн байланыс режимінде Ресей ІІМ Қазан заң институты өткізген «Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша құқық қорғау органдарының қызметі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айслу Қайрлықызы Каримбаева «Особенности противодействия религиозному экстремизму как общественно опасным социальным явлением современности» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ аталған іс-шараға Татарстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы мен Татарстан Республикасы прокуратурасының, Беларусь Республикасы ІІМ Академиясының, Ресей ІІМ Уфа заң институтының, Ресей ІІМ Санкт-Петербург университетінің, Ресей ІІМ Орал заң институтының, В.В.Лукьянов атындағы Ресей ІІМ Орлов заң институтының, Ресей ІІМ Волгоград академиясының қызметкерлері қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты — экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды қалыптастыру, сондай-ақ Ресей мен шет елдердің құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылар құрамы арасында ғылыми және практикалық тәжірибе алмасуға жәрдемдесу.

Қатысушылар пікір алмасып, өзекті мәселелер мен жағдайларды талқылады, аталған тақырыпқа шын жүректен қызығушылық танытты.

Іс-шара соңында конференция жұмысының қорытындысы шығарылып, осындай іс-шараларды одан әрі өткізу бойынша ұсыныстар айтылды.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.Қ.Каримбаева

 
3