2019 жылғы 17 сәуірде Ресей ІІМ Орал заң институты мен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты арасындағы білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі туралы хаттаманы іске асырудың мақсатты жұмыс бағдарламасына сәйкес «Ішкі істер органдарының құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Іс-шара модераторы Ресей ІІМ Орал заң институтының криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі О.П. Виноградова болды.
Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының
ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің
бастығы полиция подполковнигі А.К. Каримбаева мен Ресей ІІМ Орал заң институты
бастығының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі көмекшісі полиция подполковнигі
Л.Ю. Васильева конференция жұмысын ашып, құттықтау сөздерін айтты. Ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына 2 «А» курс курсанттары қатардағы
полиция С.Ж. Абдрахманова «Порядок и назначения криминалистического исследования документов», қатардағы полиция Б.Н. Молдыбаев «Научные основы и правовые
аспекты криминалистического исследования травматического оружия», қатардағы полиция А.Байтугель «Профессиональная подготовка
сотрудников ОВД», қатардағы полиция
С. Акзамов «Конституционные права
человека» мақалаларымен қатысты.
Баяндамалардың мазмұны тақырыпқа толық сәйкес келді, ал мазмұн мәні толық көлемде ашылды және жария етілді, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыс орнын қарау кезінде қазіргі заманғы ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі пікірталастар қызу жүргізілді.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аяқталғаннан кейін Ресей ІІМ Орал заң институты бастығының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі көмекшісі полиция подполковнигі Л.А. Васильева институт атына тығыз ынтымақтастық пен әрі қарай өзара түсіністік үшін алғыс білдірді.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі
А.Қ. Каримбаева