Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ІІО модернизациялау туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы дөңгелек үстел өткізу

2019 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың  2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы еліміздің азаматтарына үндеуі бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы  Ақтөбе заң институтының акт залында жалпы құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы тарапынан Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстелге КОФ 2 А және 1 А курс куранттары мен біліктілігін арттыру курстың даушылары қатысты. Дөңгелек үстелді жалпы құқықтық пәндер кафедрасы бастығының міндетін атқарушы заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі А.К Ибраева ашып,алдағы сайлауды үлкен жауапкершілікпен қабылдауға тиіс екендігімізді және бұл әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы екенін, сондай-ақ, алғаш дауыс бергелі отырған курсанттарға Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауының өткізілу және қатысу тәртібі туралы түсіндірді.

Әрмен қарай дөңгелек үстел қатысушыларына 2019 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жанында өткізілген ҚР ІІМ 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес ішкі істер органдарына жаңа полиция моделін енгізу және одан әрі жаңғырту туралы айтылған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алқа отырысының жазба трансляциясын көрсетті.

ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы

полиция подполковнигі

З.Нұрыш

 
IMG_0580