Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ІІО ТӘЖІРИБЕЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ОҚУ ЖҮЙЕСІНЕ ТАРТУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

Ағымдағы жылдың сәуірдің 10-ында жалпы білім беру пәндер кафедрасының 2018-2019 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес, кафедра бастығы, полиция полковнигі А.Ф. Саттарова Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жетекшісінің  орынбасары Т.В.Литвинова «Балаларды бірге қорғайық» біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларымен – республика облыстарының ІІД ювеналды полиция бөлімшелерінің қызметкерлерімен “Арнайы дайындық” пәнінен “Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарын жасаудың психолого-педагогикалық себептері” тақырыбында тренинг сабағын өткізілді.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығының өкілі Т.В.Литвинова тыңдаушылармен кәмелетке толмағандардың категория-лары бойынша статистикалық көрсеткіштерімен, Ақтөбе облысының 2014-2019 жж аралығында КТБО-да болып қайтқан, сонымен қатар қараусыз қалған балалардың себептері жөніндегі мәліметтерімен  бөлісті. КТБО қамқорлығындағы кәмелетке толмаған балаларға психологиялық мінездеме берілді, КТБО тәрбиеленушілеріне заңгерлік, әлеуметтік және психолого-педагогикалық кеңес көрсету бойынша арнайы білім беру мекемелері мен ІІО өзара іс-қимыл мәселелері көтерілген болатын.

Кәсібилікті жоғарылату курсының тыңдаушылары ұсынылған сұрақтарды талқылауға  белсенділік танытты. Сабақтың соңында полиция полковнигі А.Ф. Саттарова мен Т.В.Литвинова тыңдаушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Институт басшылығы атынан жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы полиция полковнигі А. Саттарова Т. В. Литвиноваға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс пен денсаулық тілей отырып, алғыс хат табыс етті.

ЖББП кафедрасының бастығы

полиция полковнигі                                                      

А.Ф. Саттарова

 
SAMSUNG CSC DSC_0045