2019 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының акт залында 2 «А» курсының бастығы полиция подполковнигі М.М. Ешмановтың және Курсанттық ғылыми қоғамның ұйымдастыруымен 2011 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің №164 Жарлығымен белгіленген «Ғылым қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шараны Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова құттықтау сөзімен ашты. Ол өз сөзінде: «Ғылым — кез келген қоғамның қозғаушы күші. Онсыз болашақты елестету мүмкін емес. Соңғы 10 жылда қазақстандық ғылым әлемдік деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізді, сондай-ақ біздің басты жетістігіміз — жаңа буынның өсіп келе жатқандығы. Бұл — Қазақстанның үлкен жетістігі болып табылатын қазақстандықтардың жаңа буыны» – дей келе, осыған байланысты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанда 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, мемлекеттік саясаттың басымдығы болып табылатын жастарды кешенді қолдау туралы қойылған мақсатты табысты іске асыру үшін, 2018 жылғы 14 қарашада қол қойғандығын атап өтті.
Іс-шара барысында ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.Қ. Каримбаева институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Г.Ж. Сулеймановамен бірге курсанттарға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында, Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдығы шеңберінде ұйымдастырылған «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысқаны үшін сертификаттар және секция жұмыстарына белсене қатысқаны үшін дипломдар тапсырды.
Бұл күні 2 «А» курсының бастығы полиция подполковнигі
М.М. Ешмановтың атынан және өз өнерлерін ортаға салып, концерт дайындаған
курсанттық ғылыми қоғам тарапынан құттықтаулар айтылды. Мерекелік іс-шара естелік суретке түсумен аяқталды.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі
А.Қ. Каримбаева