ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 3 А курс курсанты, полиция сержанты Б. Абдрахманов «Qazaqstan without extremism» жастар бірлестігінің ұйымдастыруымен Нұр-сұлтан қаласында өткен «Экстремизмсіз Қазақстан» атты Республикалық акцияға қатысты. Іс-шараның мақсаты-жастардың радикалды діни ағымдарға қатысуының алдын алу. Сондай-ақ, акцияға Алматы, Шымкент, Орал және Қарағандының студенттері, магистранттары мен еріктілер қозғалысының көшбасшылары, Махаббат Есен, Өркен Кенжебек, Яков Федоров сынды отандық журналист-блогерлер де қатысты. Ақтөбе заң институтының өкілдері акция ұйымдастырушыларының атынан грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.