Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫ АШУДА ЖӘНЕ ТЕРГЕУДІ ТЕХНИКА-КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ТАҚЫРЫБЫНА ОНЛАЙН – ДӘРІС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

2018 жылдың 05ақпанда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты және РФ ІІМ Барнаул заң институтының арасында білім және ғылым әрекеттестігі көлемінде қарым – қатынас туралы Хаттаманы жүзеге асыру шеңберінде, РФ ІІМ Барнаул заң институтының курсантарына онлайн – дәріс өткізілді.

         Онлайн — дәріс «ҚР қылмысты ашуда тергеуде техника-криминалистикалық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша өткізілді.

         Дәріс сабағын ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Г.Игольников ашты, салемдесуден кейін, дәріс сабағын жүргізетін лектор ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигіН.А.Чупринюкке сөз берілді.

         Н.А.Чупринюк дәріс сабағында үш сұрақты қарастырды:

  1. 1. Криминалистикалық техниканың түсінігі. Қылмысты ашуда және тергеуде таехника-криминалистикалық қамтамасыз етудің түсінігі мен мазмұны.
  2. Тергеу әрекеттері кезіндегі іздерді жинау әдістері.
  3. Қылмыс іздерін және басқа да заттай дәлелдерді зерттеудегі сараптамалық құралдар мен әдістер.

         Дәріс сабағына ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Ғ.Ж.Сулейманова, ғылыми бөлім бастығы полиция подполковнигі А.К.Каримбаева, оқу-әдістемелік орталықтың оқытушы-әдіскері полиция капитаны Р.Б.Молдыбаева, қылмыстық процесс және криминалистикакафедрасының бастығыполиция полковнигі А.Г.Игольников және қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессор – оқытушылық құрамы қатысты.

         Онлайн – дәріс өткізу барысында РФ ІІМ Барнаул заң институтының әріптестеріміз және курсантары тарапынан қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылды және ол сұрақтарға қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Н.А.Чупринюкке жауап берді.

ҚПжК кафедрасының аға окытушысы

полиция подполковнигі    

Н.А.Чупринюк

 
ms1