Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасының Конституциясы

2018 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға институт басшылығы мен барлық жеке құрам қатысты. Институт бастығы Қаракүшев Сәлімгерей Иманғалиұлы құттықтау сөзін сөйлеп, мерекелік бұйрық оқылып, ішкі істер министрінің атынан алғысхат, грамота, құрмет грамотасы және медальдар табысталды. әрі қарай жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі  Нұрыш Зина «Қазақстан Республикасының Конституциясы» тақырыбында баянат оқып, бейнеролик көрсетілді.  

Салтанатты іс-шара естелік фотоға түсумен аяқталды. 

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А.Мухангалиева

 
IMG_8002