Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Бахытбек Смағұлмен кездесу

2018 жылғы 08 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына жұмыс бабымен Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты  Бахытбек Смағұл келді.

Институт бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев Бахытбек Смағұлмен бірге, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрхан Сабыржанұлы Ақниязов және Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Ораққызы Елеусінованы мұражаймен таныстырып, өз кезегінде депутат құрметті қонақтар кітабына институттың жеке құрамына ізгі тілегін жазып қалдырды. Әрі қарай акт залда жеке құраммен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында институттың тұрмыс-тіршілігі туралы әңгіме қозғалды. Қызықты сұрақтар қойылып, депутат оларға жауап берді. Шара соңында 1 Б курсының курсанттары Саламат Бекқожаев пен Нұрсұлтан Тәліп Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты  Бахытбек Смағұлдың кітабынан өлеңдер оқыды. Қонақ институт бастығына «Бауыржан Момышұлы» төсбелгісін табыстап, институттың кітапхана қорына өз кітаптарын ұсынса, институт бастығы жеке құрам атынан қонаққа естелік кітап сыйға тартты.

 

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны                                                               

З.А.Мухангалиева

 
10259076