Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын Ақтөбе қаласының мамандандырылған сотының тергеу судьясы Абдиров Асхат Амантаевичпен талдау

2019 жылдың 30 қазанында күндізгі оқыту факультеті Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және крииналистика кафедрасымен бірлесе отырып, Ақтөбе қаласының мамандандырылған сотының тергеу судьясы Абдиров Асхат Амантаевичті «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының кейбір аспектілерін талдау» баянатын талдауға шақыртты.

Абдиров А.А. Елбасы саясатының сабақтастығы және жүйелі реформалар жүргізу туралы аталып өткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы туралы түсіндірді. Ол Елбасы әзірлеген бес институционалдық реформа мен ұлт жоспарын толық жүзеге асыру қажеттігіне назар аудару қажет екенін атап өтті. Жалпы міндеттерді, атап айтқанда, оның алғашқы қауымдық платформасын іске асыру туралы жан-жақты пікірлер айтылды.

Абдиров А.А. Елбасы Жолдауының екінші бөлігінде қарастырылған, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, тергеу судьясы практикалық қызметтегі өзіндік орнын және оның өкілеттіктері туралыбаяндады.

Баяндамадан кейін профессорлық-оқытушылық құрам мен курсанттар тергеу судьясына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, институттың одан арғы перспективалары туралы, статистикалық деректер туралы мәселелер, сондай-ақ, жоғарыда баяндалған баяндама бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.

Бұл іс-шарада 2 және 3 курс курсанттары, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының күндізгі оқыту факультетінің қызметкерлері қатысты.

Қылмыстық процесс және

криминалистика кафедрасы

бастығының орынбасары

полиция полковнигі

Есмаганбетов Б.С.

 
SAM_2774 01268047 IMG-20180527-WA0255