Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарын түсіндіру мақсатында курсанттарды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерімен кездестіру

2019 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында жалпы құқықтық пәндер кафедрасының апталығы аясында КОФ 2 «А» курсы курсанттарымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Нұрболат Байұзақұлы Махмутовпен және Ақансері Ержанұлы Сұлтанбековпен кездесу ұйымдастырылып, 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын насихаттау барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы А.Ж. Шпекбаевпен және Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаевпен 2018 жылғы 21 желтоқсанда «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.«Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ашылу мақсаты азаматтардың мемлекеттік билік институтына деген сенімін жоғарылату, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету және қолайлы жағдай жасау. Аталған жоба барлық мемлекеттік билік шеңберіндегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған.
Сонымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте оның алдын алу, мемлекеттік және қоғамның сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға бағытталған күш-жігерін біріктіруге баса назар аударылады.Осы бағыттағы шаралар кешенін ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған 2014 жылғы желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданды.Оның негізгі бағыттары: мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік және жеке секторларда, соттарда және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қоғамдық бақылау институтын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Сондай-ақ, ұлт жоспарын іске асыру үшін «100 нақты қадам» мемлекеттік қызметті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықты азайту сияқты басымдықтарды Елбасының басты міндеттерінің бірі ретінде айқындайды. Мемлекеттік қызметті реформалаудың жаңа кезеңі мансап үлгісіне көшуді және мемлекеттік аппаратта кадрларды іріктеу мен ілгерілету үдерістерін жан-жақты өзгертуді көздейді. Сонымен бірге, жаңа тетіктер мемлекеттік қызметте меритократия мен есептілік қағидаттарын нығайтуға, сыбайлас жемқорлықтан босатылған басқарушылық аппаратты қалыптастыруға бағытталған.Мемлекеттік қызметті іріктеу және мансапты жоғарылату – оқу және жұмыс тәжірибесінен басқа кеңседе қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті құзыреттердің болуы маңызды талап болып табылады. Мұндай тәсіл Қазақстанда алғаш рет қолданылатын болады. Мемлекеттік қызметшілердің жалақы жүйесінде елеулі өзгерістер күтіледі.Осылайша, мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізілген нәтижелерге қолайлы деңгейде сыйақы есебінен қамтамасыз етіледі.
Курсанттармен тақырып бойынша оларды қызықтыратын сұрақтар қойылып, ҚР МҚІЖСЖҚІҚА қызметкерлері тарапынан толық, мазмұны және нақты жауаптар алынды.Кездесу соңында курсанттар ҚР МҚІЖСЖҚІҚА қызметкерлеріне ұсынылған ақпараттар үшін алғыстарын білдірді.Осыдан кейін жалпы құқықтық пәндер оқытушыларының бастамасы бойынша «Ақтөбе — адалдық алаңы» акциясына арналған бейнеролик жасалды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Б. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының апталығы шеңберінде МҚІЖСЖҚІҚА қызметкерлерінің КОФ 2 «А» курс курсанттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды түсіндіру бойынша кездесу ұйымдастыру  Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орайластырылды, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев әрбір ақтөбелік осындай үлкен шараға міндетті түрде ат салысуы қажет деген болатын.

ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі
З.Нұрыш

 
P1020875