Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

2019 жылғы 29 қарашада 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шара, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаевтің және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының құқығымен институт офицерлері мен курсанттарын қызметтегі және оқудағы жоғары жетістіктері үшін марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараға Ақтөбе заң институтының бастығы, полиция полковнигі А.Е. Қабдуев, сондай-ақ ҚР ІІО ардагерлері мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты
Іс-шараның мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегін атап өту болып табылады.
Марапаттау соңы мерекелік концертпен ұласты.

 
IMG_6180