Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шара

         Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты 2017 жылғы 30 қарашада Тұңғыш Президент күнін  салтанатты түрде атап өтті. Іс-шара салтанатты жиыннан және мерекелік концерттен тұрды. Мерекелік кешке институт басшылығы мен ұжымы, ардагерлер, курсанттар қатысты.

         Салтанатты жиынды Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев  құттықтау сөзімен ашып, бұл мерекенің жас мемлекеттегі маңызы мен ерекшелігіне тоқталып, барша ардагерлерді, қызметкерлерді құттықтай отырып, еліміздің өркендеуіне қосатын еңбектеріне сәттілік тіледі.    

         Еңбекте елеулі табыстарға жеткен институт қызметкерлері мен курсанттары Ішкі істер министрлігінің және институт бастығының марапаттауларына ие болды. Сонымен қатар, институт бастығы Елбасы туралы мазмұнды мақалалар жазған  және институт қабырғасында білім алушылар арасынан Нұрсұлтан есімді курсанттарға естелік кітаптармен алғысхаттар тапсырды.

         Жиын курсанттардың дайындаған мерекелік концертімен жалғасып, олар өз өнерлерін ортаға салды.

 

Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі